Bugin

Петропавлды да су басуы мүмкін бе?- ТЖМ жауап берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: аkorda.kz

Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Мұрат Қанғожинов 2024 жылдың 8 сәуірінде Петропавлда су тасқыны болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Мұрат Қанғожиновтың Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингтегі мәліметінше, Сергеев су қоймасы 180%-ға толған. Есіл өзенінің жайылмасында кептеліс байқалмағанымен, қоймадағы су деңгейі 415 см-ге жеткен. 

"12 - сәуірден бастап облыс орталығына дейін (Петропавл) үлкен судың келуі күтіледі, шыңы 23- сәуірге келеді. Сонымен қатар су тасқыны жағдайы тұрақты мониторинг режимінде",- деді Мұрат Қанғожинов.