Bugin
Фото: mixyfotos.ru
Түркістан облысында білім басқармасы бір келі сәбізді қымбатқа сатып алмақ болған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстың Созақ ауданының білім бөлімінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің еріктілері мемлекеттік сатып алу шеңберінде өнімдер мен басқа да материалдардың бағасы көтерілгенін анықтаған.
Мемлекеттік сатып алу сайтына мониторинг жүргізу кезінде білім бөлімінің бір келі сәбізді 800 есеге қымбат алмақ болған. Нақты баға - 16 мың 700 теңгеге сатып алуға тырысқаны анықталған. Ал көкөністің нарықтағы бағасы - шамамен 200 теңге.