Bugin
Фото: zakon.kz
Экс-министр Қуандық Бишімбаев сот барысында көзіне жас алып, еріксіз жылады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Сотта айыпталушы Бишімбаев пен судьяға Нүкенованың жақтастары аудиожазба тыңдатты. Онд жедел жәрдем қызметкерлерінің жүрегі соғып тұр ма, тынысы бар ма деп сұрап жатқанын анық естуге болады.
Әйелін өлтірді айыпталып жатқан Қуандық Бишімбаев жедел жәрдем қызметкерімен арада болған диалогтың аудиожазбасын тыңдап, көзіне жас алды.
Аудиожазбада жедел жәрдем қызметкерлері марқұмның жүрегі соғып тұр ма, тынысы бар ма деп сұраған.
Жедел жәрдем дәрігері: "Саусақтарыңызды трахея бойымен мойынға қойыңыз. Тынысы бар ма?" деп сұрайды. Сонда экс-министрдің туысы Байжанов: "Жоқ. Сезбей тұрмын" деп жауап берген.
Жедел жәрдем дәрігері: "Жедел жәрдем келгенше реанимациялық шараларды жүргізіңіз. Жатқан адамның жанынан кетпеңіз. Қолыңызды кеудеге тік қойыңыз, шынтағыңызды бүкпеңіз, 5 сантиметр тереңдікте 30 рет басыңыз. 30 рет санап, жүрек соғысын тексеріңіз" деп алғашқы көмек көрсетуді ұсынған. Ал Байжанов: "Тынысы білінбейді" деген. Осы сәтте Бишімбаевтың: "Салта! Салта!" деп айқайлаған дауысы естіледі.
Дәл осы аудиожазба айыпталушының көңілін босатты.