Bugin

Атырауда адамның бас сүйектері мен өзге де қалдықтары табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ТЖМ

Атырауда аумағын су қорғамақ болған тұрғындар бас сүйек пен адам денесінің қалдықтарын тауып алды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Махамбет ауданындағы Жайық өзенінің жағасына бөгет тұрғызу үшін топырақ күреу кезінде, адамның 12 дана бас сүйегі мен 26 дене сүйектері табылған.

Құзырлы органдар тексеруден соң табылған сүйектер дәстүрге сәйкес қайта жерленетінін айтты.

"Археологиялық зерттеу  барысында да, тіпті ескі Сарайшық ауылы ішінде түрлі жұмыстар барысында да адам сүйектері жиі кездесіп жатады. Ал, бүгінгідей, елде су тасқынынан  қорғау мақсатында жасалып жатқан үлкен жұмыстар кезеңінде Жайық  жағалауында мыңдаған маман дамбы соғу барысында адам сүйектерінің шығуы заңдылық.  Әдетте, мұндай хабар жеткен бойда мамандар өз жұмыстарын атқарып, оларды зерделеп, жер қойнына салт –дәстүріміз бойнша тапсырады", - деді "Сарайшық  музей-қорығы директоры Мұхтар Әбілсейіт.