Bugin
Фото: tgstat.ru
Қарағанды облысында қос сәбидің өліміне қатысты жаңа дерек шықты. Оларды анасы тұншықтырып тастаған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы “Патриот” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
4 сәуір күні түскі уақытта екі қыз анасынан тамақ сұраған. Қарны ашқан 2 жастағы Мия мен 4 жастағы Карина қыздарын анасы буындырып өлтірген.
Алайда әйел 6 айлық қызына тиіспеген.
Кешкісін өзімен тұратын ер адамның келгенін күткен. Ол екі қыздың мәйітін кереуетке жатқызып, еш себепсіз көз жұмғанын айтқан.
Полиция келген соң әйел балалардың белгісіз заттан уланғанын айтқан. Дегенмен полиция ас үйден тіске басар ештеңе таппаған.
Ал көршілер қыздарға тамақ бермек болған.
“Мен картоп бермек болдым. Олардың аш екенін білгенде бүкіл ауыл болып көмектесер едік. Ол полицияға қыздардың бөлмесіне кіргенде балалардың ұйықтап жатқанын көріп, шығып кеткенін айтқан. Ол өтірік айтыпты. Мен де қыздар бір нәрсе жеп, уланып қалған екен деп ойладым”, – дейді көршісі Александр.
Кейіннен әйел балаларды өлтіргенін мойындаған.
“Күдіктімен бірге тұратын азамат қыздардың қазасы туралы білгенде жылап жіберді. Оқиға орнында жұмыс істеп жатқан полиция қызметкерлері үздіксіз шылым шекті”, – дейді Александр.
Қазір сотқа дейінгі тергеу басталған.