Bugin

“Әйелі тірі шығар деп үміттенемін”: Бишімбаев сотында куәгердің сол түні жазған хаты оқылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Bugin.kz 

Бүгін экс-министрдің соты жалғасып жатыр. Қазір "Бау" мейрамханасының жұмысшыларының жазған хаттар оқылды. Бұл туралы  Bugin.kz тілшісі хабарлайды.

Куәлік берген мейрамхана қызметкері Данияр Мейірбековтің телефонындағы хаттарды прокурорлар оқыды. Телефон галериясында күдікті фото, видео материалдар табылмаған. Тек WhatsApp арқылы “Қарлығаш Бау” есімді контактпен іске қатысты чат табылған. Хаттар оқиға болған түні жазылған. 9 қарашада сағат түнгі 2 сағат 27 минутта Данияр Қарлығашқа жазады:

“Директор қайтып келді. VIP бөлмеде отыр”,-деп жазған.

Қарлығаш ол хатқа ешқандай жауап қатпаған. Араға уақыт салып таңғы 6 сағат 35 минутта Мейірбеков жасаған ісіне фото-есеп жіберіп, жұмысты жалғастыра алмағанын жазған:

“Қуандық шу шығарып жатыр, суреттің орнын жөндей алмадық”,-деп жазған.

Мейірбеков 6 сағат 56 минутта: “Колоннан терезеге дейін боядық, қабырғаның жартысына дейін”,-деп жазған.

Ізінше Мейірбеков қайтадан мейрамханадағы жағдай туралы: “VIP бөлменің астаң-кестеңін шығарды-ау деймін, әйелі тірі шығар деп үміттенемін”,- деп жазған.

Қарлығаш араға 1 сағат өтіп  кері жауап жазады: “Неге олай дедің?”,-деп жазады.

Данияр: “Пиджакпен жалаңаш жүр”,-деп жазады.

Қарлығаш: "Олар әлі сонда ма?" - деп сұрайды. Бірақ Данияр ол жерден кеткенін айтады.