Bugin
Фото: видеодан скриншот
Бишімбаевтың бүгінгі сотында сот-медициналық сарапшы Тахир Халиназаров куәлік беріп жатыр. Ол Салтанаттың өлімінің себебі туралы деректер айтты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.
Сарапшы Тахир Халиназаров Салтанаттағы жарақаттарды маникенге маркермен сызып көрсетті. Ол көк және қызыл маркерлерді қолданды. Қызыл маркермен жарақаттың орнын, көк маркермен көгерген жерлерді көрсетті.
Прокурор Нүкенованың мойнындағы жарақаты туралы сауал қойды. "Ол өліміне себеп болуы мүмкін бе?" деген сауалға сарапшы жауап берді.
Халиназаров: “Мойын аймағында сопақша түскен екі жарақат болды. Көлемі үлкен емес”,-деп жарақат туралы түсініктеме берді.
Судья осы кезде бастағы соқылар мен тұншықтыру фактісі туралы сұрады.
“Алғашында бастан соққы жасалған, сосын тұншықтырған ба?”-деп сұрады сот төрешісі.
Бастан 12-13 жарақат болғаны, Нүкенованың тұншықтырылған болуы мүмкін екені осы сәтте анықталды.
Тахир Халимназаров өлімнің себебі ретінде жарақаттардың бәрін қарастырылу керегін айтты. Ол жеке осы соққы әсер етті деп қарауға болмайтынын жеткізді.