Bugin

Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ашық дереккөз

Мамыр айында Қазақстанда үш мемлекеттік мереке атап өтіледі, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Мамыр айында қазақстандықтар:

Қазақстан халқының бірлігі мерекесі - 1 мамыр;

Отан қорғаушылар күні - 7 мамыр;

Жеңіс күні - 9 мамыр мерекелерін атап өтеді.

Қазақстан халқының бірлігі мерекесі сәрсенбіге сәйкес келеді. Мерекеге орай бұл күні барлық қазақстандықтар демалады.

Отан қорғаушылар күні сейсенбіге, ал Жеңіс күні бейсенбіге тура келіп тұр. Сәйкесінше бұл күндері де демалыс күндері ретінде саналады.