Bugin

"Мен шаршадым, кететін шығармын": ресторан әкімшісі Салтанаттың әңгімесін айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан кадр

9 сәуірде Астана қалалық сотында Қуандық Бишімбаевқа қатысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Куәгер ретінде “BAU” ресторанының әкімшісі болған Алмағанбетова Қарлығаш Бисімбайқызы келді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Қарлығаш Алмағанбетова өзіне қойылған сұрақтарға жауап берді.

"Мен 2023 жылы BAU ресторына әкімші болып қабылдадым. Менің міндетім қонақтарды күтіп алу, шығарып салу және іс-шаралар ұйымдастыру болды. Бишімбаев пен Байжановты танимын. Осы іс кезінде таныстым. Байжанов гастроцентрдің бастығы еді", - деді.

Сол күні ол Салтанаттан қайда бара жатырсыздар деп сұраған. Салтанат Дима Биланның концертіне деп айтқан.

"Бишімбаев кеткен кезде мен бөлмеге кірдім. Салтанатқа такси шақыруын сұрадым, ол ұсынысымды қабылдаған жоқ. Мен олардың арасында жанжал болғанын түсіндім. Ол маған: “Мен шаршадым, мен кететін шығармын”, - деді. Сосын ол өзі такси шақырды. Артынша Бишімбаев келді де, екеуі бірге шықты. Лифтіге келіп, шығып кетті. Артынша біз мейрамхананы жаптық. Олар басқа кіреберісте тұрып, сөйлесіп тұрды. Біз басқа есіктен шығып кеттік. Мен басымды бұрып қарадым, олардың шығып жатқанын байқадым", - деді ол. 

Куәгер Қарлығаш Алмағанбетова жұмыстан кейін үйіме барып демалғанын айтты.

"Жұмыстан келген соң, телефонымды дыбыссыз режимге қойып, ұйықтап қалдым. Маған Даниярдан хабарлама келді. “Бишімбаев қайтып келді. Мына жақта қатты дауыстар шығып жатыр. Мен дұрысы үйіме қайта беремін ау”, - деді. Мен 9-ы күні жұмысқа келдім. Байжанов маған кабинкада Салтанаттың жалаңаш күйде ұйықтап жатқанын айтты. Мен оған киім әкеліп бергім келді. Киімді әкелдім. Бақытжан маған олар әлі ұйықтап жатыр, мас деді. Мені VIP бөлмеге кіргізген жоқ", - деді ол.