Bugin

"Маған адвокат қажет, бәріне дайын болуым керек”: Салтанат құрбысына тағы не айтқан?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан кадр

9 сәуірде Астана қалалық сотында Қуандық Бишімбаевқа қатысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Куәгер ретінде Салтанат Нүкенованың құрбысы Ахмедина Аида Сагадатовна  келді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Құрбысы Салтанатпен әңгімесін айтып берді.

"2022 жылдың тамыз айында Салтанат хабарласты. “Салтанатқа бір клиенті келіп, өзінің досының Салтанатқа ғашық екенін және онымен кездескісі келетінін айтқан. Салтанат оған басында келіспеген. Кейін мен Павлодардан Алматыға келдім. Ол кезде Қуандықпен кездесіп жүргенін айтты. Желтоқсанда той болды. Тойдан соң Салтанат жоғалып кетті. Ол бізге жауап бермейтін болды. 8 наурыздан кейін ол маған ұрысып жүргендерін айтты", - дейді құрбысы. 

Сәуір айында Салтанат құрбысына жазған.

"Маған адвокат керек, мен бәріне дайын болуым керек. Ол мені ұрды. Мен Айтымға суреті көрсеттім, олар төбелесіп кетті", - деген Салтанат құрбысына.

Құрбысының айтуынша, наурыз айында Салтанат Қуандықпен жиі ұрысып жүргенін, Қуандықтың жұмысқа бармайтыны және түнде ұйқы бермейтінін айтқан. Қуандық жұмысқа бармаған соң, барлық уақытын Салтанатпен өткізген. Салтанатқа бұл жағдай ұнамаған.