Bugin

Астанада ер адам 20 жастағы бойжеткенге шабуыл жасаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com 

29 жастағы ер адам бойжеткеннің сөмкесін ұрламақшы болған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Жәбірленуші түнде үйінің есігіне жақындаған кезде орындықта отырған ер адамды байқаған. Бойжеткен есікті ашып, ішке кірген кезде ер адам шабуыл жасап, сөмкесін жұлып алмақ болған. Бірақ қыз қашып үлгерген. 

"Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында "Есіл" ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол бұрын тонау үшін сотталған 29 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Тінту кезінде одан ас үй пышағы табылды",- деп хабарлады қалалық полиция департаменті.