Bugin

Табиғи апаттан зардап шеккендерге қандай үй беріледі?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ашық дереккөз

Мемлекет басшысы табиғи апаттан зардап шеккен азаматтар үшін тұрғын үйлерді қалпына келтіруді тапсырды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы EL.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Осы тапсырма шеңберінде ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде жедел штаб құрылып, жаңа тұрғын үй салуды көздейтін кешенді іс-қимыл жоспары әзірленді.

"Жоспар аясында тұрғын үйлердің екі эскиздік жобасы әзірленді. Біріншісі, 80 шаршы метрлік 3 бөлмелі жеке тұрғын үй. Екіншісі, жалпы ауданы 160 шаршы метр болатын 2 пәтерлі тұрғын үй. Әзірленген тұрғын үйлердің алдын ала жобалары мемлекеттік сараптамадан өтеді, бұл барлық өңірлерде типтік жобалық құжаттама негізінде жұмыс жүргізуді қамтамасыз етеді. Бұл жұмыс келесі аптаның соңына дейін аяқталып, үлгілік жобалар мемлекеттік сараптама қорытындысымен epsd.kz сайтында көпшілікке ұсынылатын болады",-деді ҚР ӨҚМ ресми өкілі Ибраева Меруерт.