Bugin

Ораза қазасын қашан және қалай өтеу керек?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Pixabay

Ораза қазасын Ораза айттың екінші күнінен бастап өтеуге рұқсат етіледі, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Islam.kz сайтына сілтеп.

Ораза кезінде белгілі себептермен оразасын бұзған мұсылмандарға қаза болған ораза күндерін өтеу міндеттелген. Алайда көпшілік Ораза қазасын қашан әрі қай кезде өтеуді білмей жатады. 

Мүфтият Рамазан айынан кейін оразаның қазасын өтейтін адам күнделікті намаз кестесін негізге алу керектігін айтады. Таң намазы кірген уақыт – ауыз бекіту уақыты, сол уақытқа дейін сәресін ішіп-жеуге рұқсат.  Ал ақшам намазы уақытының кіруі ауыз ашар уақытын білдіреді. Ал Ораза қазасын айттың екінші күнінен бастап өтеуге болатыны айтылды.

Сондай-ақ, Ораза қазасын қашанға дейін өтеу керектігін көпшілік білмей жатады.

Ханафи мәзһабында Рамазан оразасының қазасын өтеу уақыты шектелмеген. Яғни, келесі Рамазан айына дейін немесе одан кейінгі уақытта да өтеуге рұқсат етіледі. Дегенмен, уақытты созбай тезірек өтеген жөн екені айтылады.