Bugin
Фото: bugin.kz
Еліміздің 8 өңірінде әлі күнге дейін төтенше жағдай режимі сақталған. Осыған орай Ақтөбе мен бірнеше аймақта оқушылар онлайн режимге көшірілген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ел басына күн туғанда азаматтар қолдарынан келгенше көмек көрсетуде. Бірі азық-түлікпен, бірі киім-кешекпен көмек көрсетуде.
Осы тұста Bugin holding компаниясы да мектеп оқушылары үшін керемет ұсыныс жасады. Компанияның мектеп оқушыларына арналған Daryn.online білім беру платформасында тегін білім алуға мүмкіндік бар.
"Еліміздегі соңғы жаңалықтарға орай, мектеп оқушылары үшін Daryn.online 5-11 сынып оқушыларына арналған курсты тегін береді", - деп жариялады білім беру платформасы.
Толық ақпаратты daryn.online әлеуметтік желісіндегі парақшадан қарауға болады.