Bugin
Фото: freepik.com
Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова 4 баласы бар аналар үкіметтен қанша теңге алатынын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!
"2024 жылы 4 баласы бар отбасына ай сайын 59 183 теңге төленіп келеді, ол орта есеппен 18 жылда (кәмелеттік жасқа толғанға дейін) жалпы сомасы кем дегенде 12,8 млн теңге. Бұл көрші елдің төлемақысынан бірнеше есеге артық, әлдеқайда тиімді және жәрдемақы төлемдерінің уақытылы әрі тұрақты төленетініне кепілдік берілген. Аталған жәрдемақы төлемдерін отбасы жинақтауға мүмкіндігі бар және белгілі бір мақсаттарға ғана емес, қажеттілігі бойынша жұмсауға болады", - деді Тамара Дүйсенова.
Бұдан бөлек, "Ұлттық қор – балаларға" жобасы аясында балалар капиталын қалыптастыру үшін арнаулы заң қабылданды. Онда Ұлттық қордың инвестициялық табысының бір бөлігін балалардың есеп-шотына аударып, оны білім алу және тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін жұмсауға мүмкіндік беру көзделген.