Bugin

“Аңдиды”: Атыраулық келіншек күйеуінен қорлық көріп жүргенін айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Instagram @ lyazzat_rakisheva

Құқық қорғаушы Ләззат Рақышеваға Атыраулық келіншек хат жолдаған. Оның жазуы бойынша, күйеуі сабап, ұрып, бақылауда ұстайды екен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Келіншек хаттың өзін тығылып жазып отырғанын айтты. Әрі денесінің көгерген, кесілген суреттерін жіберген.

"Ішіп келіп, сылтау іздеп ұра береді. Әлеуметтік желілерді аңдиды. "Кіммен сөйлесіп отырсың?"- дейді. Кешіксе біліп отырамыз, ішіп келетінін. Балаларым қалың киініп, дайын отырады. Біледі ұрыс шығаратынын. Оларға қарап жылаймын. "Балалық шақтары қайда" деп",- деген келіншек.