Bugin

“Кім екені белгісіз”: Құлсарыда тағы бір мәйіт табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Атырау облысы Жылыой ауданына қарасты Құлсары қаласында ер адамның мәйіті табылды. Бұдан бөлек, құтқарушылар енді әкесі мен баласын іздеп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап. 

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Ведомство мәліметінше, 9 сәуірде сағат 12:27 шамасында дүкендердің бірінің жанынан ер адамның мәйіті табылды. Мәйіттің кімдікі екені әзірге белгісіз.

"Мәйіт полицияға тапсырылды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар құтқарушылар ер адам мен оның ұлын төрт күннен бері іздеп жатыр. Олар 6 сәуірде су басқан үйлерін қарауға шығып кеткен, бірақ туыстарына оралмаған. Кейін олар мінген көлік табылды.

"Біз әлі іздеп жатырмыз, бірақ бүгінгі мәйіт ер адамға да, оның ұлына да тиесілі емес", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаменті.