Bugin
Фото: qandastar.kz
Әлеуметтік желіде "Әйелді нұқып алу керек" деген имамның сөзі көптің ашуына тиді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап.
Бұл туралы алғашқылардың бірі болып дабыл қаққан блогер Дана Орманбаева.
Журналист имамның айтқан сөзін жариялап, оны орыс тіліне аударып қойды.
Видеода имам былай дейді:
“Үшінші қағида бар. Не дейді? Ұрыңдар. Мұхаммед Пайғамбарымыз (С.Ғ.С) жарақатталып, дене мүшесін сындырып қоймайтындай деңгейде нұқып алу керек. Сондықтан қазақтың үйінде неге қамшы ілініп тұрған? Әйел қамшыны көрген кезде тәубасына келетін болған”, - дейді имам.
Ал көпшілік оның сөзіне ашуланып, түрлі пікір жазған.