Bugin
Фото: Жоғарғы сот
10 сәуірде Астана қалалық сотында Қуандық Бишімбаевқа қатысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Прокурор Салтанат Нүкенова мен Аида Ахмедина екеуінің арасындағы Whatsapp желісіндегі жазбаларды оқыды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Прокурор Айжан Аймағанова 19 сәуір күні жазылған Салтанат Нүкенованың хабарламасын оқыды.
"Маған адвокат керек. Ол маған заттарымды бермей жатыр. Мен әкеммен немесе ағаммен келуім керек. Бәріне дайын болуым керек. Мен саған сенемін. Маған енді ештеңе керек емес. Мен тек заттарымды алғым келеді",- деп жазған марқұм Нүкенова.