Bugin
Фото: видеодан скриншот
Қуандық Бишімбаевтың бүгінгі сот отырысында Салтанаттың құрбысы мен көмекшісі куәлік беріп жатыр. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.
Салтанаттың көмекшісі оның ер адамдарды консультацияға мүлде қабылдамағанын, ал Қуандық бір қызбен қосылып жазылғанын айтты. Көмекшісі мен Салтанат оларды сөз байласқан қыз-жігіт екен деп ойлап қабылдағанын айтты. Алайда, Қуандық Салтанатпен танысу үшән досымен жазылған. Салтанат көп ұзамай Қуандыққа тұрмысқа шығып жатқанын айтқан.
Салтанаттың көмекші қызы оның енесіне (Бишімбаевтың анасына) бірнеше рет сыйлық жібергені туралы айтты. Ол ары қарай Салтанаттың басынан кешірген оқиғасы туралы:
Салтанат менен бір күні таңертең қандай кафе ашық болатынын, чемоданмен қайда бара алатынын сұрады»,-деді.
Көмекшісі уайымдап Салтанатқа хабарласқан. Ол көмекшісінен өзін алып кетуін өтінген. Оның үйіне барғанда, Салтанат чемодансыз шыққан. Қатты қайғырып, жағымсыз көңіл-күймен шыққан. Сосын таксиде ол таксидің алдына, көмекшісі артына жайғасқан. Ол туралы көмекшісі:
"Салтанатқа қарасам, (куәгер мойнын ұстап көрсетеді-авт) тұншықтырған із болды, сол жағы (куігер қол аймағын көрсетті,-авт) толығымен көгеріп тұрды. Мен жаман нәрсе ойладым. Біз кешкі бесте ас ішуге бардық. Қуандық оның геолокациясын бақылап отыратындықтан ол Cofee BOOM-ға барудан бас тартты. Себебі оған Rixos қонақ үйі жақын орналасқан. Мен таңданып қалдым. Біз кофейнаяға барып жабық кабинкада тамақтандық. Әңгіме барысында оның қатты қайғырып отырғанын байқадым. Оның көгеріп отырғанына шыдай алмай бірнеше рет жуынатын бөлмеге барып жылап келдім. Салтанатпен сөйлескенде, ол Қуандықтың тиран екенін айтты. Ол Салтанатқа құрбыларымен, әпке-сіңілілерімен араласуға мұрша бермеген. Ол әрдайым бақылауда екенін айтты. Жұмысын жақсы көретінін, бірақ Қуандық оған жұмыс істеуге рұқсат бермегенін айтты. Оның бұл сөздері маған ауыр болды. Салатанатқа мен кетуді ұсындым. Мен аэропортқа шығарып салайын, сіз кетіңіз дедім. Ол кеткісі келді. Салтанат Қуандық Алматыға 1 күнге кеткенін айтты. Оның ата-анасы Салтанатқа чемоданын бермей, Қуандықты күтуді айтқан. Ол чемодансыз менімен кездесуге ғана шыққанын айтты. Біз 2 сағат бойы әңгімелестік. Ол үнемі араларында ұрыс-керіс болатынын, оны бақылайтынын айтты. Қуандық хабарласқан соң, Салтанат тез-тез жиналып кетіп қалды. Ол асыққанда, Қуандықтың анасына алған тәттісін үстел үстіне қалдырып кетіпті. Жүгіріп шықсам да үлгере алмай қалдым. Көлік жүріп кетті. Сосын ол жетіп алғанын айтты”,-деді ол.
Бишімбаев куәгерге Салтанат денесінің көгергенін қалай түсіндіргені туралы сұрақ қойды. Кәгер ол "сіздің ұрғаныңызды айтты",-деп жауап берді.