Bugin

Су тасқынынан зардап шеккендер 22 млн теңге алатыны рас па?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com 

Желіде үкімет су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға 22 млн теңге төленетіні туралы жалған ақпарат тарады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, бұл ақпарат жалған екені анықталған. 

"Қазақстан Үкіметі су тасқынынан қираған әрбір үйдің құрылысына 22 млн теңге жұмсауды жоспарлап отыр. Дәлірек айтсақ, біз қазір мемлекеттік сараптама сатысында тұрған эскиздік жобаға сәйкес ауданы 80 шаршы метр болатын бір тұрғын үйдің құны туралы айтып отырмыз",– деді ведомствоның ресми өкілі Меруерт Ибраева.