Bugin

Жәрдемақыны кім автоматты түрде алатыны анықталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Төтенше жағдай режимі жарияланған аудандар мен қалаларда тұратын мүгедектігі бар азаматтарға 2024 жылғы II тоқсанда қайта куәландыруға тиіс қызметтер төтенше жағдай режимі аяқталғанға дейін автоматты түрде ұзартылады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы EL.kzақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте ЕХӘҚМ ресми өкілі Мадияр Уақпаев айтты.

"Көмек көрсетуге алғаш рет өтініш білдіретін азаматтар Электрондық үкімет порталы арқылы жүгіне алады. Бұл ретте төтенше жағдай режимінің әрекет ету мерзімі аяқталған ай да толық есептеледі. Мемлекеттік жәрдемақыларды төлеу бұрын белгіленген мүгедектік тобы бойынша жүзеге асырылады",- деді ЕХӘҚМ ресми өкілі Мадияр Уақбаев.