Bugin
Фото: freepik.com
Бүгін еліміздің 12 өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!
Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түсуі ықтимал. Күндіз облыстың батысында солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қарағандыда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр болады деп күтіледі.
Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде түнде жауын-шашын (негізінен жаңбыр), күндіз жаңбыр жауады деп болжанады. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында тұман түсуі ықтимал. Облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Жезқазғанда аракідік жаңбыр жауады. Күндіз солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.
Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың тау асуларында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында тұман тұседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, орталығында, күндіз облыстың шығысында жаңбыр жауады деп күтіледі. Түнде және таңертең өңірдің солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде күндіз солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15 м/с құрайды. Ақтөбеде түнде жаңбыр жауады деп күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі.
Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде және таңертең облыстың шығысында тұман болады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Павлодарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі.