Bugin

Қазақстан азаматының шетелде көз жұмғаны анықталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: diply.com

Оңтүстік Кореяда  Қазақстан азаматының көз жұмханы белгілі болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ақпаратты ҚР СІМ растап отыр.

"Өндірісте қаза тапты, қазір туыстарымен байланысып, қажетті құжаттарды рәсімдеп жатырмыз", – деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Ресми деректерде қайтыс болған азаматтың 30 жастағы қазақстандық екені айтылған. Ол Оңтүстік Кореяда шыны зауытында тазарту қондырғысын тазартушы болған.

Ал қайғылы оқиға 2024 жылдың 8 сәуірінде түстен кейін болған. Азамат Чонджу қаласында сол зауытта болған. Ер адамды тоқ соққаны айтылуда.