Bugin
Фото: myteplic.com
Биыл еліміздің оңтүстігінде су тапшылығы орын алуы мүмкін, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Halyq Uni тілшісіне сілтеп.
2024 жылы Қазақстанның оңтүстігінде қуаңшылық болып, шаруалар су тапшылығын сезінуі мүмкін екенін «Қазгидромет» РМК агрометеорологиялық болжау басқармасының басшысы Камар Салиева айтты.
"Алайда маусымдық болжамға сәйкес, шілде мен тамызда ауа температурасы мен жауын-шашын мөлшері нормаға жуық болады деген болжам бар. Сондықтан жекелеген облыстарда, яғни оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерде қуаңшылық болуы мүмкін", - деді Камар Салиева Астанада өткен баспасөз мәслихатында.
Бұл болжам тағы нақтыланатынын жеткізді.
"Бізде қуаңшылық болжамы бір айға жасалады. 23 сәуірде тағы болжамды нақтылаймыз. Деректер «Қазгидрометтің» ресми сайтында жарияланады. Қазіргі болжамға сәйкес, жауын-шашын мөлшері маусымда оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерінде төмен деп болжап отырмыз", - деді басшы.