Bugin
Фото: Ақтөбе облысының ПД
Самара-Шымкент тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ақжар ауылының маңында болған жол апатынан бір адам көз жұмған.
10 сәуірде таңғы сағат 9-дар шамасында "ГАЗель" мен "Тойота Альфард" соқтығысты.
Қазір сотқа дейінгі тергеу басталып, сараптамалар тағайындалды.
"Минивэн жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Микроавтобустың барлық жолаушылары облыстық ауруханаға жеткізілді", - деді Ақтөбе облыстық ІІД бастығының міндетін атқарушы Артур Әбдірешев.