Bugin
Фото: Nur.kz / Айгерим Аскарова
Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың адвокаттарысот отырысына Ресейден мамандар тартпақшы, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Orda.kz порталына сілтеп.
Қуандық Бишімбаевтың қорғаушылары кешегі сот отырысында осындай мәлімдеме жасады.
Олар соттан Н. И. Пирогов атындағы Ресей ұлттық зерттеу медициналық университетінің ресейлік мамандарының қорытындысын қарауды сұрады.
"Мамандардың қорытындысы Бишімбаевтың кінәсіздігін растайтын және ұсынылған күдікті жоққа шығаратын дәлел болып табылады", - деді адвокат Назкен Құсайынова.
Адвокаттардың бұл өтінішін судья мақұлдады.
"Ол Қуандық Бишімбаевтың қылмыстық іс материалдарына Ресей Федерациясының сараптамалық қорытындысын қосу бөлігінде адвокаттардың өтініші қанағаттандырылғанын хабарлады. Судья ҚР ҚК 362-бабына сәйкес «тараптар материалдарды қылмыстық істерге қосу туралы өтініш жасауға құқылы", - деп түсіндірді.