Bugin

"Салтанаттың басы төмен түсіп кеткен": Байжанов көзімен көргендерін айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан кадр

11 сәуірде Астана қалалық сотында Қуандық Бишімбаевқа қатысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Сотта Байжанов оқиға туралы айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Мен 33 жастамын, қарапайым отбасынан шыққанмын. Ата-анам, отбасым бар. Мен үшін олар да қатты уайымдап жүр. Балаларым түрме дегеннің не екенін білмейді. Мен уақытын бар мен клубта өткізетін адам емеспін. Жұмыстан үйге, үйден жұмысқа баратын адаммын. Мен Бишімбаевтың жеке шаруаларымен айналыстым. Ол менен он жасқа үлкен. Қуандықтың мінезі ауыр", деді Байжанов.

Байжанов оқиға болған күн туралы айтты.

"Сегізінші қарашада жұмыстан үйге келдім, отбасымен кешкі ас іштік, кино қарадық. Мен сол күні не болғанын бәрін, шындықты айтамын. Шындықты анықтауға көмектескім келеді. Тоғызы күні таңертең маған күзетші Данияр хабарласты. "Бишімбаев пен Салтанат машинаға отырып кетіп бара жатыр", деді. Ол мас болғандықтан мен кілтті алып ал деп айттым. Олардың ұрысы, арасында жиhаздардың сынғанын көріп үйреніп қалған едім. Кейде Салтанаттың бетінен жарақаттарды байқайтынмын. Менде сынған жиhаздардың суреті мен оны жөндеген адамдардың телефондары сақталған", деді Байжанов. 

Ол бөлмеде отырған Салтанаттың басы төмен түсіп кеткенін де айтты. 

"Бишімбаев хабарласып маған "ресторанға кел" деді. Екінші қабатқа көтерілген кезде есікті тақылдаттым, есікті Бишімбаев ашты. Ол тек қара костюмде болды. Мен ол кезде үстелдің шетінде, киімсіз отырған Салтанатты көрдім. Сол кезде Салтанаттың басы төмен түсіп кеткенін байқадым. Бөлменің іші шашылып жатыр. Осы кезде мен Салтанатты соңғы рет көрдім. Бишімбаев маған көрпеше әкел деді. Мен ішке кірмей күттім", деді Байжанов. 

Бақытжан Байжановқа Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айтып тағылған:

  • 432-бабы (аса ауыр қылмысты жасырып қалу);
  • 434-бабы (аса ауыр қылмысты хабарламау).