Bugin
Фото: видеодан скриншот
11 сәуірде Астана қалалық сотында Қуандық Бишімбаевқа қатысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Сотта Байжанов Салтанатпен әңгімелескені туралы айтты, деп хабарлайды Bugin.kz тілшісі.
Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!
Байжанов Бишімбаевтың тамыз айында пәтерден Салтанаттың заттарын алып кететінін айтқан. Байжанов Салтанатқа есікті ашып, кеткенкен соң үйді кілттеп қалуы керек болған.
"Салтанат осындай уақытта келемін, сіз үйде болыңыз деп хабарласты. Мен үйде болдым. Салтанат келді. Екеуміз кездестік. Сол кезде Бишімбаев маған: "Салтанатпен ажырасып жатырмыз. Салтанат келеді, пітерді ашып бер. Заттарын алады. Содан кейін пәтерді қайтадан кілттеп кетесің", деді.
Содан Салтанат екеуміздің ара-қатынасымыз жақсы болды. Мен Салтанаттан себебін сұрадым. Оның көңіл-күйі жоқ болып тұрды. Салтанат маған:"Шымкентке бардық. Көп ұрыстық. Алматыға бардық, көп ұрыстық. Біз бірге тұра алмаймыз. Ажыра сатын болып шештік",-деді.
Сол кезде мен Салтанатқа жаным ашып айттым көп ұрса берсеңіздер неге кетпейсіз деп. Салтанат маған айтты: "Бишімбаевты мен аяймын, ұрсамыз, көп ұрсамыз.Бірақ Бишімбаев ұрған сайын, ұрысқан сайын, кешірім сұрайды. Содан да мен оны аямын, кете алмаймын",-деп айтты.
Салтанат содан кейін заттарын алып кеткен. Байжановтан Салтанат туралы сұрағанда:
"Салтанат маған өте жақсы қарайтын. Ұжымымызда бәрі оны айта алады. Салтанат өте тәрбиелі, жақсы қыз болды. Мен Салтанаттың жаман қылығын байқамадым. Ол көрген сайын менің жағдайымды, әйелімнің жағдайын, бала-шағамның жағдайын сұрайтын. Сондай керемет адам болды",-деп айтты.