Bugin

Жылыойда жоғалған ер адамның жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Жылыой ауданында жоғалған ер адам дронның көмегімен табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы  AtyrauPress сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Жылыой ауданы полиция бөлімінің 102 арнасына 49 жастағы ер адамның Қарағай ауылынан Құлсары қаласына қайықпен шығып, бір күннен бері хабарсыз кеткені туралы хабарлама түскен.

Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізіп, әуе дроны арқылы 11 сәуір күні сағат 11:00 шамасында Қарағай елді мекенінен 10 шақырым қашықтықта су тасқынынан пайда болған аралдан 49 жастағы ер адамды тапты. Қазіргі уақытта аталған азаматтың жағдайы бірқалыпты, туысқандарына қауышты.