Bugin

Қайрат Сатыбалдының мемлекетке тағы қанша теңге қайтаратыны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ашық дереккөз

Қайрат Сатыбалдаға қатысты тағы 50 миллиард теңгені мемлекетке қайтару жоспарлануда, деп хабарлайды Bugin.kz порталы  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

11 сәуірде Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты қылмыстық істі қарау шеңберінде сот (ҚР ҚК 218-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы) прокурордың өтініші бойынша заңсыз сатып алынған активтерді қайтару жөніндегі рәсімдерді орындау қажеттілігіне байланысты процестік келісім жасасу үшін қосымша мерзім беру туралы шешім қабылдады.

Атап айтқанда, сотталушының жалпы сомасы 50 млрд теңгеден асатын қосымша мүліктік активтерін мемлекет пайдасына қайтару туралы мәселе қаралуда.