Bugin

Топан судың салдарынан эвакуацияланғандардың саны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ТЖМ

Қазақстанда су тасқыны басталғалы 99 мыңнан астам адам өз үйінен қауіпсіз жерге көшірілген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бұл туралы ТЖМ мәлімдеді.

Эвакуацияланған жүз мыңға жуық адамның 36 мыңнан астамы балалар.

Төтеншеліктер дәл қазір 3513 жеке тұрғын үй су астында қалғанын айтады. Бүгінге дейін жедел желі байланысына 1348 қоңырау келіп түскен.

"ТЖМ және жергілікті атқарушы органдардың күштерімен 8,9 млн. жуық текше метр еріген қар суы сорылды, 1,6 млн. қапшық және 1,2 млн. тонна инертті материал төселді. Су жүрген 110 автожол, су шайған 116 автожол, оның ішінде 9 көпір және 107 жол төсемі бақылауда", - деді Ерасыл Сайпаш ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері.