Bugin

Бір облыста су тасқыны ең қауіпті деңгейге жетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: dzen.ru

Орынбор облысында су тасқыны ең қауіпті шетке жетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы РБК-ға сілтеп.

Топан су салдарынан 10 сәуір күні таңертең 12 817 тұрғын үй мен 14 969 үй учаскелері су астында қалған. Ал үйлерден 7703 адам эвакуацияланды.

Бүгінде Ресей бойынша Орск ең көп зардап шеккен аймақтардың қатарында, онда 5 сәуірде Жайық өзенінде бөгет бұзылды.

«Орынбордағы су тасқыны өзінің ең қауіпті шегіне жетті. Ал Орсктегі су деңгейі бір төмендеп, бір жоғарылап тұр. Қолдан келгенін жасап жатырмыз», — деп мәлімдеді Орынбор қаласының губернаторы Денис Паслер.