Bugin
Фото: Ашық дереккөзден
Қырғызстан аумағында бірнеше рет жер сілкінді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы kg.akipress.org-ке сілтеп.
Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының сейсмология институты жер сілкінісінің 3 рет тіркелгенін хабарлады.
Елдегі алғашқы жер сілкінісі сағат 08:36-да болған, эпицентрдегі жерасты дүмпулерінің күші шамамен 3 балды құраған.
Одан бөлек, тағы бір жер сілкінісі қырғыз-тәжік шекарасына жақын жерде болған.
Екінші жер дүмпуі сағат 09:15-те Тәжікстан аумағында эпицентрінде тіркелген. Оның күші 3 балдық болып бағаланды. Жер дүмпуінің ошағы Баткен қаласынан оңтүстікке қарай 110 шақырым жерде орналасқан.
Қырғызстанда эпицентрінде 3 балл болған тағы екі жер сілкінісі тіркелді. Сағат 15:04-те Ак-Таш ауылынан солтүстікке қарай 17 шақырым жерде, Каныш-Кия ауылынан солтүстік-батысқа қарай 22 шақырым жерде, Терек-Сай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 42 шақырым жерде, Баткен қаласынан солтүстікке қарай 192 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелген.
Сағат 16:01-де жер сілкінісі Арал ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 5 шақырым жерде, Теш ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 9 шақырым жерде, Сузак ауылынан солтүстік-батысқа қарай 12 шақырым жерде, Жалал-Абадтан оңтүстік-батысқа қарай 20 шақырым жерде, Андижаннан солтүстік-шығысқа қарай 38 шақырым жерде жер сілкінді. Қырғызстанның елді мекендерінде жер сілкінісінің күші Арал және Теш ауылдарында 2 балды құрады.