Bugin

Алматының 30 мыңға жуық тұрғынына қауіп төніп тұр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Ақсай өзені алабындағы сел ұстайтын бөгет құрылысы кезінде ақша ұрланған. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Ірі ұрлық сел ұстайтын бөгетті тексеру барысында анықталды. Нысан құрылысы бойынша мердігердің міндеттемелерін орындамауы салдарынан 30 мыңға жуық алматылықтардың өміріне қауіп төнді.

Ведомство мәлімдемесінде:

"Осыған байланысты ол "Қазселқорғаныс" компаниясының басшылығына процессуалдық шешім қабылдау үшін Қазақстан Республикасының АФМ-не тиісті материалдарды беру туралы мәселе қозғады.Қарау қорытындысы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа жолданды. Мердігер ұйымның жауапты тұлғаларына қатысты бюджет қаражатының ұрлануына байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген.

Қазір осыған байланысты  Алматы қаласының 30 мың тұрғынына қауіп төніп тұр.