Bugin

"2024 жылдан аман-есен өтуіміз керек": көріпкел тосын мәлімдеме жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Bugin.kz

Қазақстанның болашағы туралы көріпкел Хава Рогова болжам жасады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі NEGE порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Көріпкел еліміздегі су тасқыны туралы:

"Су тасқыны болған өңірлердегі халыққа оңай соқпады. Бұл – табиғи апат. Мұның зардабы жыл аяғына дейін созылады. Одан бөлек дәл осы сумен байланысты тағы да мәселе туындайды. Осы жыл ішінде кей қала маңында су деңгейі көтеріліп, тұрғындар қауіп-қатерге тап болуы мүмкін. Себебі, 2024 жыл – біз үшін қарғыс жылы, ауыр жыл болады",-деп айтты.

Көріпкел елімізде алдағы 3 жылда ауқымды өзгеріс болатынын айтты. Ол:

""Жаңа Қазақстан", "Әділетті Қазақстан" орнату үшін бізге үш жылдан бес жылға дейін уақыт қажет. Қазақстанның ішкі саяси билігінде де үлкен өзгеріс болады. Дәл қазір бізге осы 2024 жылдан аман-есен өтуіміз керек. Неге десеңіз, 2024 – Қазақстан үшін өте ауыр жыл. Тіпті, астролог, нумерологтар да осы жылдың қарғыс жылы екенін айтып жүр. Соған байланысты жылдың ауыр соғатынын болжап отырмыз",-деді.