Bugin

Танымал миллиардер алаяқтық жасағаны үшін өлім жазасына кесілді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Хошимин қаласының соты 67 жастағы вьетнамдық кәсіпкер Чыонг Ми Ланды елдегі ең ірі банктердің бірін 11 жыл бойы тонағаны үшін өлім жазасына кесті. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Ван Thinh Phat Group конгломератының басшысы Чыонг Ми Лан Вьетнамда қаржылық қылмысы үшін өлім жазасына кесілген санаулы әйелдердің бірі.

Фото: Reuters

Фото: Reuters

Оның алаяқтығы бұрын-соңды болмаған дәрежеде ауқымды деп есептеледі. Труонг Ми Лан Сайгон коммерциялық банкінен жалған өтінімдер арқылы 304 триллион донг (шамамен 12,5 миллиард доллар) несие алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Бірақ оның әрекетінен келтірілген жалпы шығын 27 миллиард долларға бағаланып отыр.Кейбір көзқарастарға сәйкес, сот қысым көрсету және ұрланған қаражаттың бір бөлігін қайтару үшін Труонгты өлім жазасына кескен.

Чыонг Ми Лан кінәсін мойындамай, қарамағындағыларды кінәлады. Оның отбасы мүшелерінің бірі Reuters агенттігіне үкімді апелляцияға беруді жоспарлап отырғанын айтты.

Вьетнам басылымдары бұл процестің егжей-тегжейін жазды. Олардың мәліметінше, 2700 адам куәлік етуге шақырылып, іске 10 мемлекеттік айыптаушы мен 200-ге жуық адвокат қатысқан.

Айғақты заттар жалпы салмағы 6 тонна болатын 104 жәшікке салынған. Чыонг Ми Ланмен бірге Вьетнам Орталық банкінің бұрынғы қызметкерлері, үкімет қызметкерлері мен SCB басшыларын қоса алғанда, тағы 85 адам сотталды және үкім шығаруды күтіп жатыр. Хошиминдегі сот отырысына 78 айыпталушы қатысты, қалғандарына іздеу жарияланған.