Bugin

Атырау облысында жоғалып кеткен ер адамның жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан кадр

️Атырау облысында полицейлер жоғалған ер адамды дронның көмегімен тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

"Жылыой ауданының полициясына 49 жастағы ер адамның Қарағай ауылынан Құлсарыға қайықпен шығып, хабар-ошарсыз кеткені туралы ақпарат келіп түсті. Бүгін таңертең Қарағай елді мекенінен 10 шақырым жерде су тасқынынан пайда болған аралдан полиция қызметкерлері дронның көмегімен 49 жастағы ер адамды тапты", делінген хабарламада.

Ер адамның жағдайы тұрақты, туыстарының жанында.