Әйел мен еркектің қарым-қатынасына арналған кітаптар

Ерлі-зайыптылардың психологиясы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әйел мен еркектің қарым-қатынасы өмірдің мәні болғандықтан бұл жайында аз айтылып, аз жазылып жатқан жоқ. Бірақ ерлі-зайыптылардың психологиясы жайлы кітаптардыңішінде осы үш кітаптың орны бөлек. Бұл кітаптарда сізге психологиялық көмек қана емес, нақты қандай істе қалай істеу керектігіне жол сілтейді. 

Екінші жартыңызбен тіл табыса алмаған жағдайда осы үш кітапты бір қарап шығыңыз. 

Гэри Чепмен "Махаббатың бес тілі" (Пять языков любви). Автор "Сүйіктіңізбен бір тілде сөйлесіңіз" дейді. Кітап, көркем әдебиет ретінде жазылмаған, ол өмірден мысал келтіре отырып психологиялық түсіндіру түрінде жазылған. Отбасындағы, қарым-қатынастағы туындаған қиыншылықтар қасымыздағы адамның нені қалайтынын, қай тілде сөйлейтінін білмеумізден. Бұл жерде "тіл" оның қалауы, оның ойы, оның түсінігі деген қарапайым заттарды елемеуімізден басталатын іс әрекеттеріміз. Кітаптың қазақ тілінде аудармасы бар.
Джон Грэй «Мужчины с Марса, Женщины с Венеры». Әлем бойынша еркек пен әйелдің арасындағы қарым-қатынас жайлы ең танымал кітаптардың бірі. Бұл кітап көптеген отбасын сақтап қалған. Автор әр жыныстың өз ерекшелігіне, түсінігіне, әркет етуіне көп тоқталады. Бұл кітапты оқу арқылы қарым-қатынасты жақсартып қоймай, қиындықта қалай бірігіп әрекет етуді үйренесіз.
Стив Харви «Поступай как женщина, думай как мужчина». Әйелдерге еркектерді жақсы түсінуге және онымен қарым-қатынасты жақсартуға көмектесетін жақсы кітап. Еркектердің психологиясы жайлы көбірек білгіңіз келсе, онда сізге таптырмайтын көмекші құрал болмақ. Автор өз тәжірбиесімен бөлісе отырып, көптеген кеңестер бере алады. Кітап әрі қызықты, күліп отырып бірдемде оқып тастай аласыз. 

Ал сізге қандай кітап қатты әсер етті? Қандай кітаптарды жиі қайталап оқисыз?