Bugin

"Су тасқыны": тың деректер жарияланды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан кадр

Төтенше жағдайлар департаменті су тасқыны жағдайы бойынша сағат 17.00-дегі ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Азаматтық қорғау қызметтері 99 920 адамды, оның ішінде 36 593 баланы эвакуациялады.

Уақытша орналастыру пункттерінде 6 566 адам, оның ішінде 3 194 бала бар.

"9 млн. 089 мың м3 еріген қар суы сорылды, 1,6 млн. астам қапшық және 1,2 млн. тонна инертті материал төселді. 3 071 тұрғын үй мен 1 931 аула аумағынан су бұрылды, делінген хабарламада.