Bugin

Бөгеттің салынбауынан алматылықтарға қауіп төніп тұр ма?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Қазселденқорғау

"Қазселденқорғау" мекемесі 12 сәуірде Ақсай селді ұстау бөгетінің құрылысына қатысты қайталап түсініктеме берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

"Қазселденқорғау" ММ басшысы Арман Ахметовтың айтуынша, Ақсай өзені Алматы қаласындағы сел қаупі бар өзендердің қатарына жатады. Оның жоғарғы ағысында 25 мұздық пен 20 морено-мұздық көлдер бар.

"Ақсай селді ұстау бөгетінің құрылысы маңызды болып саналады және оның мақсаты сел аймағында орналасқан халықтың өмірін пен шаруашылық нысандарын қорғау болып табылады", – деді ол.

Бірақ қазіргі уақытта мердігер өз міндеттемелерін орындамағандықтан нысанның құрылысы тоқтатылып, тиісті келісімшарт бұзылған.