Bugin

Күйеуі мен 3 баласының өліміне кінәлі деп айыпталған әйелге сот үкімі шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com 

Былтыр Самара-Шымкент тасжолында ірі жол апаты болып, бірнеше адамның өмірі қиылған. Жол апатына айыпты деп танылған әйел сотта ақталып шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

30 жастағы әйел күйеуімен, үш баласынан айырылған. Тергеу дерегі бойынша, әйел қарсы жолға шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысқан.  Алайда, сотта бұл нұсқа толық емес деп танылды. Оның алдындағы көлікті басып озу үшін қарсы жолаққа шыққаны жоққа шығарылды. Сотта әйел өз жолағымен қозғалғаны дәлелденді.

Жол көлік апатына жанармай тасымалдайтын көлікті басып озамын деген жүк көлігі қарсы жолға шығып кетуі себеп болған. Мұны көрген әйел тежеуішті басқанымен, жол апатынан қашып құтыла алмаған. Куәгерлер бұл деректі растады.