Bugin
Фото: Жоғарғы сот
Ішкі істер министрлігі бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев баланы қағып өлтірді деген сөзге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Салтанат Нүкенованың анасы хабарлаған болатын.
“Өткенің туралы айтқың келмей ме? Баланы қалай қағып өлтіргенің туралы”, - деді ол сотта.
Министрлік бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.
"Бұл адамға қатысты қылмыстық қудалау және оны қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы мәлімет жоқ екенін хабарлаймыз",- делінген ІІМ жауабында.