Bugin

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Республика аумағының басым бөлігі атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында болғандықтан, ауа райының тұрақсыздығы сақталады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Метеорологтардың айтуынша, республика аумағының көп бөлігі атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында болады, сондықтан ауа райының тұрақсыз сипаты сақталып, жаңбыр жауады, түнгі уақытта елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында жауын-шашын болады.

Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста демалыс күндері жаңбыр тоқтаусыз жауады деп күтіледі. Тек Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысында күн ашық болады. Республика аумағында жел күшейеді, түнгі және таңғы уақыттары тұман түсіп, батыс пен оңтүстікте найзағай ойнайды.