Bugin

Тағы бір ауданда төтенше жағдай жарияланды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

12 сәуірде сағат 18:00-ден бастап Төтенше жағдайлар жөніндегі өңірлік комиссияның шешімі бойынша Бұланды ауданында ТЖ режимі жарияланды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Аудан әкімі Ардақ Смайылов өз мәлімдемесінде жергілікті халықты қалыптасқан су тасқыны жағдайынан хабардар етті. Аудан әкімі су тасқынынан болатын залалды жою және оны азайтумен айналысатын комиссия құрылғанын атап өтті.

"Бүгінде зардап шеккен адамдарға материалдық көмек көрсету үшін барлық үйлерге тексеру жүргізу мақсатында комиссия құрылды", – деді аудан әкімі Ардақ Смайылов.