Bugin

Бүкіл денесін түк басқан баланың анасы жүкті кезде неге жерік болғанын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Stan.kz

Филиппиндік 2 жастағы Джарен Гамонганның анасы бүкіл денесін түк басқан баласының ерекше болып туылуына өзін кінәлі деп санайды. Әйел Джаренге жүкті кезінде жабайы мысық етіне жерік болған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Филиппиндік Апаяо қаласының тұрғыны екі жасар Джарен Гамонганның бүкіл денесін, сондай-ақ бетін, желкесін, арқасы мен қолын түгелдей түк басқан. Джареннің анасы Альма мұны жүктілік кезінде қара жабайы мысықты жегендіктен болды деп ойлайды. Келіншек қара жабайы мысықтың қарғысы балаға тиді деген ойда.

Оның айтуынша, өзі тұратын шалғай таулы аймақта экозиталық тағамдар дайындалады. Атап айтқанда, әйелдің жабайы мысықтың етіне аңсары ауған. Сөйтіп ауылдастарына жабайы мысық тауып беруін өтініп, оның етін шөппен араластырып, қуырып жеген. Бірақ Джарен дүниеге келгенде бұл ісіне қатты өкінген.