Bugin
Фото: Видео скрині
Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев тұрғындарға үндеу жолдап, ауызсудың тоқтауына байланысты кешірім сұрады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Әкім коммуналдық қызметтің қазіргі жұмысы туралы айтып, төрт сағат ішінде электр қуатын қалпына келтіру жоспарланып отырғанын атап өтті.
Айтуынша, бригадалар 10 сағаттан бері жұмыс істеп жатыр. Бірақ сорғыға кептелген мұз массалары процесті қиындатып отыр.
"Табиғи құбылыс "өз өнерін" салып жатыр. Бұған дейін мұндай жағдай ешқашан болған емес. Тағы төрт баған бүлінген. Қалыптасқан жағдайларға байланысты жұмыс түні бойы жалғасады. СКРЭК-тің барлық күші мен құралдары станциядағы электр энергиясын беруді тезірек қалпына келтіруге бағытталған. Біз қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз. Қала тұрғындарының аулаларына, сол секілді әлеуметтік нысандарға да су тасып жеткізіліп жатыр. Тұрғындар сұрауы бойынша су тасушы көліктердің бару орны өзгеруі мүмкін. Бұл мәселе бойынша "Қызылжар Су" ЖШС диспетчерлік қызметіне хабарласуға болады. Су жеткілікті, 10, 20 тонналық цистерналар. Арнайы көліктер де жеткілікті! Ең бастысы, дүрбелеңге салынбаңыздар! Тек ресми дереккөздерге сенім артыңыздар!"– деді Серік Мұхамедиев.