Weekend
Сұлтанмахмұттың жеріндегі биылғы сайыс қатысушы жадында мәңгі қалары сөзсіз
Талай ақынға жыр арқау болған Ертіс-Баян өңірінің төскейінде, ХІ Республикалық журналистер арасында пәндік олимпиада өтіп жатыр. Қынабынан қыл суырғандай өткір тілдері тас жаратын тілшілер бірнеше кезең бойынша сыңға түсті. Екі күнге созылған сайыс жылдағыдан тым ерек. Себебі, өлкеден алған өңір туралы бейнеролик көрсету бұрын соңды болмаған-ды. Сонымен қатар, ұстаздар арасында жеребе тартылып, сарапшы анықталды.
Бірнеше команда бас қосқан шара таңмен таласа басталды. Әуелгіде тіркеуден өткен топтардың реттік сандыры анықталып, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері бірнеше концерттік номерлар ұйымдастырды. Бірінші кезең таныстыру айналымында әр топ өз оқу орындарын таныстырып, «Ұлы Дала ұлағаты» тақырыбында дайындалып әкелінген журналистік шеберлігін бейне ролик көрсетілді. Артынша команда қатысушылары эссе байқауы бойынша сыңға түсті. Түс ауа Павлодар қаласының көрікті жерларін аралап, Ауған ардагерлері паркіне, Бұқар жырау музейіне, С.Торайғыров ескеткіштерінің ерекше қырлары таныстырылды.
Келесі күні төрт пәннен құрылған тест сұрақтарына жауап беріп, жедел ақпарат кезеңі бойынша әр топ блок салуы тиіс болды. Қортынды кезеңде «Ертіс Баян өңірі менің әсерімде» тақырыбында бейне ролик көрсетілмек.
«Газет халықтың үні, құлағы һәм тілі» деп Ахмат Байтұрсынов атамыз айтқандай, журналист халық пен билік арасындағы алтын көпір. Сұлтанмахмұттың жеріндегі биылғы сайыс қатысушы жадында мәңгі қалары сөзсіз.