Bugin

“Бүгін тойы еді”: Құлсарыда жоғалған әке мен баланың жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ашық дереккөз

Бүгін, 14 сәуірде сағат 13:40-та Жылыой ауданы Құлсары қаласында ТЖД күштерімен жоғалған әкемен баланың денесі табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Атырау облыстық ТЖД мәліметінше, 2000 жылғы баласының денесі өз үйінен бір шақырым қашықтықта 1.5 метр тереңдіктегі су астынан табылды.

"2024 жылы 6 сәуірде Жылыой ауданы Құлсары қаласында 1976 жылғы ер адам 2000 жылы туған баласын ертіп, су басқан үйін көріп қайтуға аттанған",- делінген хабарламада.

Журналист Гүлмира Әбіқайдың хабарлауынша, 24 жастағы жігіттің бүгін, 14 сәуірде тойы белгіленген екен.