Bugin

Танымал әнші су тасқынынан зардап шеккендерге көмектескен жанкүйерлеріне алғыс айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Димаш Құдайбергеннің әлеуметтік желідегі парақшасынан

Танымал әншінің жанкүйерлері Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберіп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Димаш Құдайберген әлемнің түкпір-түкпірінен жанкүйерлерінің Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберіп жатқанын айтып, алғысын жеткізді.

“Маған әлемнің әр еліндегі жанкүйерлерім су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға гуманитарлық көмек көрсетіп жатыр деген ақпарат жетті. Осындай қысылтаяң кезеңде қолдау көрсеткен жандарға алғысым шексіз. Сүйем сіздерді!” – деді әнші Димаш.